15 адам эвакуацияланды
Жетісу облысының өрт сөндірушілері тігін фабрикасындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ мәліметінше, Талдықорған қаласында Ақын Сара көшесі бойындағы 5 қабатты тігін фабрикасының 1-қабатында киім мен ойыншықтар жанған.
ТЖМ күшімен түтін аймағынан 16 адам құтқарылып, эвакуацияланды. Өрт 20 шаршы метр алаңда сөндірілді, – делінген хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.