Өңірде 24 полигон экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеген
Жамбыл облысында 9 аудан әкімінің орынбасары мен ауылдық округ әкімдері жауапқа тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ақпаратқа сәйкес, экология департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тексеру жүргізілген. Оның нәтижесінде қалдықтарды басқару, оларды орналастыру және сұрыптау көлемін есепке алу мәселесінде жүйелі бұзушылықтар анықталды.
Облыстың 24 полигоны экологиялық рұқсатсыз жұмыс істегені, 100-ден на астам полигон жыл сайынғы есептілікті тапсырмайтыны анықталды. Бұл қалдықтардың көлемі бойынша ресми статистика мәліметтерінің бұрмалануына әкелді, – делінген прокуратура хабарламасында.
Прокуратураның араласуынан кейін Жамбыл, Тұрар Рысқұлов, Мойынқұм, Қордай аудандарында қалдықтардың пайда болуы мен жинақталу нормаларын бекіту мәселелері бойынша тиісті актілер, сондай-ақ Жуалы, Талас, Рысқұлов аудандары мен Тараз қаласында тарифтерді бекіту шаралар қабылданды.
Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша стихиялық қоқыс үйінділері үшін 9 аудан әкімінің орынбасары мен ауылдық округ әкімдері әкімшілік жауаптылыққа тартылды, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Жамбыл облысының бас мемлекеттік экологиялық инспекторының міндетін атқарушы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.