Halyq Uni логотип
×

Жаңаөзенде жетім балалар баспана кезегіне қойылмаған

ТКШ бөлімінің бас маманы тәртіптік жауаптылыққа тартылды

 Динара Амантай 23.10.2024 | 16:06
Жаңаөзенде жетім балалар баспана кезегіне қойылмаған
Фото: Halyq Uni

Прокурорлардың ықпалымен жетім балалар тұрғын үй кезегіне қойылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жаңаөзен қаласының прокуратурасы жүргізген талдау барысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 38 жетім баланың тұрғын үй кезегіне қойылмағанын анықтады.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 71-бабына сәйкес, жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері баланы тұрғын үй алу үшін жергілікті атқарушы органда есепке қоюға міндетті. Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде барлық бала тұрғын үй кезегіне тұрғызылды.

Заңдылықтың бұзылуына жол берген ТКШ бөлімінің бас маманы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама