Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда дизельдің бағасы шарықтап кетті

Қазір мұнай бағасы аспандап тұр

Қазақстанда дизельдің бағасы шарықтап кетті
фото: ult.kz

Елде дизельдің бағасы шарықтап кетті. Energyprom сарапшыларының зерттеуіне сай, жыл басынан бері бензин 5, ал солярка бірден 42 процентке қымбаттаған. Бұл туралы Qazaqstan телеарнасының сюжетінде көрсетілді. 

Бұған бағаның әлем бойынша көтеріліп, сұраныстың артуы себеп. Қазір мұнай бағасы аспандап тұр. Оның үстіне инфляция тағы бар. Ал жанармай құнымен қоса, өндіріс көлемі де артып келеді.

Мәселен, биыл бір жарым миллион тонна жанармай шығарылды. Бұл былтырдың осы кезімен салыстырғанда 4 процентке артық.

Айта кетейік, тапшылық пен құнның бірден шарықтауына жол бермеу үшін жауапты министрлік мұнай өнімдерін автокөлікпен экспорттауға тыйым салған еді.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама