Halyq Uni логотип
×

Жұманғарин ауғандар Алматыдағы көрмеге неге қару-жарақ әкелгенін түсіндірді

Алматыдағы көрме 21 қазанда өтті

 Дәурен Ерболат 23.10.2024 | 14:00
Жұманғарин ауғандар Алматыдағы көрмеге неге қару-жарақ әкелгенін түсіндірді
Фото: Сауда және интеграция министрлігі

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин 21 қазанда Алматыда өткен көрмеде ауғандар неге қару-жарақ әкелгенін түсіндірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Ашығын айтсақ, ол жерде ешқандай қару болған жоқ. Көрменің бұл бөлімі «антиквариат» деп аталды. Ауғандар – қолөнердің хас шебері. Олардың металмен не істейтінін көрулеріңіз керек. Арматурадан жасалған үлкен балғаны көтергенімді көрген шығарсыздар. Қолдарынан бәрі келеді. Олар керемет заттар жасайды, бәрі жаңа. Олар дулыға, мушкет (мылтық) алып келді. Оның басым бөлігі – кәдесыйлар (сувенир). Адамдар оны сатып алып, мейрамханаға іліп қойса болады. Мұнда қару-жарақ жеткізу туралы сөз болмады. Олардың алып келген заттары көрмеге ерекшелік берді, - деді Серік Жұманғарин Үкіметтің баспасөз орталығында.

Вице-премьер көрмеде заттарды дұрыс қою өте маңызды екенін жеткізді.

Іс-шараны дұрыс ұйымдастыру керек. Мысалы, сіз көрмеге бардыңыз деп елестетейік. Онда тек кілемдер бар. Сіз неге қарайсыз? Бәрі қайталана береді. Ал Алматыдағы көрмеде асыл тастар мен зергерлік бұйымдар, құрылыс материалдары болды. Олар бәрін рет-ретімен қойған, - деді үкімет басшысының орынбасары.

Еске салайық, 21 қазанда Алматыдағы Атакент-Экспо көшенінде ауған тауарларының көрмесі өтті. Іс-шараға 80-нен аса компания қатысты. Көрмеде жемістер мен көкөністер, сусындар, жаңғақтар, шафран шайы, құрылыс материалдары, асыл тастар сияқты 150-ден аса өнім қойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама