5 мекеменің қызметі уақытша тоқтатылды
Жетісу облысында ветеринарлық зертханалар лицензиясыз жұмыс істеген, деп хабарлайды Halyq Uni.
Прокурорлық тексеру нәтижесінде облыстағы зертханалардың тиісті лицензиясыз, құрал-жабдықтарсыз және химиялық реактивсіз жұмыс істегені анықталды. Осы уақыт ішінде олар формалды түрде 8 мыңға жуық сараптама актісін шығарған.
Тексеру қорытындысы бойынша 5 зертхананың ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу қызметі уақытша тоқтатылды.
Ветеринариялық станция басшылығы бастаған кінәлі азаматтар тәртіптік жауапкершілікке тартылса, зертхана директорлары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Облыс прокурорларының актілері бойынша ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларының қызметіндегі бұзушылықтар жойылды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Қазір зертханалардың қызметі сәйкестендіріліп, жұмысы қайта жанданды