Президент әдебиет пен өнер саласында мемлекеттік сыйлық табыстады
Республика күні қарсаңында бірқатар азамат марапатталды
Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Мемлекет басшысының жарлығы жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
2024 жылғы мемлекеттік сыйлық:
- Нұржан Светқалиға, ақын – «Көкірегім көне кітап» жыр кітабы үшін;
- Ергөбек Құлбек Сәрсенұлына, жазушы – «Адамның бір қызығы бала деген» кітабы үшін;
- Бапанов Әлібай Қалтайұлы мен Бапанова Сәуле Сыздыққызына, авторлық ұжымға – «Көшпенді фрескалар» киізден бастырылған паннолары топтамасы мен «Әлем өрнектері» гобелендер топтамасы үшін;
- Мүсәпір Жанұзақ Керімбекұлына, суретші – «Балалықтан даналыққа жол» топтамалар жинағы үшін берілсін», – делінген Ақорда құжатында.
Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тоқаев бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады. Халық әртісі атағын кімдер алды.