Кінәлі лауазымды адамдар тәртіптік жазаға тартылды
Екібастұзда кәсіпкерлерге миллиондаған салық заңсыз салынған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қала прокуратурасы мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға берудің заңдылығына талдау жүргізді. Нәтижесінде экономика және қаржы бөлімі келісімшарттар жасау кезінде бизнес қауымдастығын мүлік салығын төлеуге заңсыз міндеттеген.
Қадағалау актісі бойынша 6 кәсіпкер мұндай міндеттемелерден босатылып, оларға 4,4 млн теңге төлем қайтарылған, – делінген прокуратура хабарламасында.
Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды.