Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысында шекарадан жанар-жағармайды заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Биыл заңсыз тасымалдаудың 1 205 жағдайының алды алынды

 Динара Амантай 23.10.2024 | 10:23
Жамбыл облысында шекарадан жанар-жағармайды заңсыз өткізбек болғандар ұсталды
Фото: Halyq Uni

Осы айда Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметінің департаменті мемлекеттік шекарада жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 159 фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мұнай өнімдері қосымша орнатылған жанармай цистерналарын, қайта жабдықталған газ баллондарын және әртүрлі шаруашылық ыдыстарын пайдалана отырып автокөлікпен тасымалданған.

Жылдың басынан бері осы учаскеде ЖЖМ-ды тасымалдаудың 1 205 жағдайының алды алынды.

Аталған фактілер бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін құзыретті органдарға берілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама