×

Сеул Украинаға әскер жіберуі мүмкін

Ресей мен Солтүстік Кореяның бірігіп әрекет етуінен төнген қауіпті сөйтіп сейілтпек

 Халық үні 23.10.2024 | 08:33
фото: upload.wikimedia.org

Сеул егер Солтүстік Кореяның әскері Ресейге болысатын болса, Украинаға өз барлау қызметі мен әскер жіберуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni orda.kz-ке сілтеме жасап.

Солтүстік кореялық әскери қызметкерлер қолға түссе, оңтүстіккореялық әскери қызметшілер Украинаға тергеу жүргізіп, аударма қызметін көрсетуге дайын. Мұның бәрі Ресей мен Солтүстік Кореяның бірігіп әрекет етуінен төнген қауіпті сейілтуге бағытталып отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Солтүстік Кореяның Ресейге жақтасуға 12 мыңнан аса арнаулы жасақ жіберу туралы шешімі қауіпті екенін мәлімдеген болатын. Ол мұндай жағдай бола қалса, дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін екенін ескертті.

Солтүстік Кореядан келетін қауіптерге жауап ретінде Оңтүстік Корея президенті Юн Сук Ёль де өз елінің мүддесін қорғау мен өңірде бейбітшілікті сақтауға бағытталған шара қабылдау қажеттігін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама