×

Қазақ футболшыларының Словакия құрамасын жеңгеннен кейінгі қуанышының видеосы жарияланды

Қазақстан құрамасы C дивизионының 3-тобында көш басындағы орнын сақтап қалды

фото: Halyq Uni

Қазақстан футбол федерациясы әлеуметтік желіде сенсациялық түрде Словакия құрамасын ұтқаннан кейінгі киім ауыстыратын орыннан түсірілген  видеоны жариялады. 

Бейнежазбадан футболшылардың киім ауыстыратын бөлмеде жеңісті тойлап, «Қазақстан!» деп ұрандатып, Нұралы Әліптің көк туды жамылып жүрген сәтін көруге болады. Сондай-ақ олар бас бапкер мен федерация президенті Әділет Барменқұловты да ерекше құттықтаған.

Қазақстан мен Словакия құрамаларының топтағы алғашқы матчы 6 маусымда өтті. Сырттағы ойында қазақстандықтар сенсациялық түрде жеңіске жеткен болатын. Есеп — 1:0.

Қазақстан футболшылары Ұлттар Лигасы аясындағы келесі ойынын 22 қыркүйекте Беларусь құрамасына қарсы өткізеді.

Еске сала кетсек, Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында бұған дейін үш матч өткізген. Алдымен Әзербайжанды, кейін қонақта Словакияны жеңіп, сенсация жасаған болатын. Кейінгі кездесуде қазақстандықтар Сербияда Беларусь құрамасымен тең тарқасқан еді.  

Серіктес жаңалықтары

Сараптама