Halyq Uni логотип
×

«Жер қойнауын пайдалану туралы» заңға қандай түзетулер енгізіледі?

Бірыңғай порталды іске қосу қарастырылады

 Дәурен Ерболат 22.10.2024 | 16:53
«Жер қойнауын пайдалану туралы» заңға қандай түзетулер енгізіледі?
Фото: Halyq Uni

Мәжілісте «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске енгізілетін түзетулердің таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Қаралып отырған заң жобасы президент Жолдауы негізінде әзірленген.

Құжат жер қойнауын пайдалану саласындағы ашық бәсекелестік тәртіпті нығайтуды көздейді. Деректер базасы және цифрландыру тетігі ретінде Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай порталын заңнамалық түрде бекіту ескерілген. Енді аталған жобалар аясында жер қойнауына ревизия жүргізілгеннен және пайдалану құқығы қайтарып алынғаннан кейін, олар бойынша жер қойнауы учаскелері қайтадан аукцион арқылы ғана беріледі. Осы ретте ешқандай артықшылық берілмейді. Бұл өз кезегінде жер қойнауын пайдалануға қатысты бұрынғы ауқымды заң бұзу әрекеттеріне, фаворитизм мен рейдерлік іс-қимылдарды болдырмауға мүмкіндік береді, - деді  Константин Авершин. 

Ол бірыңғай портал арқылы «бірінші болып өтінім беру» механизмі тікелей іске асырылатынын атап өтті.

Сондай-ақ тәжірибелік өндіріс мақсатында өндіруді сылтау етіп, қатты пайдалы қазбаларды жасырын өндіруге де тыйым салынады және ол бойынша кен орнын барлауға арналған лицензия дереу қайтарылады, - деді депутат.

Аталған заң жобасы жұмыс тобының отырысында тағы қаралады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама