Halyq Uni логотип
×

Теміртауда науқастарға мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектер берілген

Емханалрдың 20-дан аса қызметкері жауапқа тартылды

 Динара Амантай 22.10.2024 | 18:13
Теміртауда науқастарға мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектер берілген
Фото: Halyq Uni

Теміртау қаласының прокуратурасы медициналық мекемелерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде және қаржыландыруда заңбұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Тексеру барысында дәрі-дәрмек тағайындаудың белгіленген нормаларынан асып кету, емделушіні қабылдауды тіркеусіз жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектерді жазып беру, сондай-ақ халықтың жан басына шаққандағы қаржыландырудағы бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, «Жеке тұлғаларды алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту Қағидаларын» бұза отырып, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен азаматтарды тіркеудің 76 фактісі анықталды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Жол берілген бұзушылықтар үшін емханалардың 20-дан астам қызметкері тәртіптік жауапкершілікке, оның ішінде 2-еуі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, прокуратураның қадағалау актісі бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ филиалы халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және жан басына шаққандағы қаржыландырудағы бұзушылықтар үшін республикалық бюджетке 16 миллион теңгеден астам қаражатты қайтару шараларын қабылдады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама