Шекарадан 336 мың қорап темекіні заңсыз өткізбек болған
Тәркіленген тауардың құны 200 млн теңгеден асады
ҰҚК мәліметінше, 17 қазанда «Шаған» автокөлік өткізу пунктінде Шекара қызметінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті темекінің ірі партиясын әкетудің жолын кескен.
336 мың қорап темекі өнімдерін ілеспе құжаттарсыз, құрылыс материалдары түрінде мемлекеттік шекарадан өткізуге әрекеттенген. Алдын ала бағалау бойынша тәркіленген тауардың құны 200 млн теңгеден асады, – делінген хабарламада.
Тәркіленген жүк әрі қарай қаралуы үшін өңірдегі мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.