Кальян шегуге рұқсат берген дәмхана иесі жауапқа тартылды

Динара Амантай

Елордада арнайы профилактикалық іс-шара өтіп жатыр

Фото: polisia.kz

Астанада кальян шегуге рұқсат берген дәмхана иесі жауапқа тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

«Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Байқоңыр және Алматы аудандарында учаскелік инспекторлар 50-ден астам жерде рұқсатсыз кальян шегу фактілерін анықтады. Кальян қоспасын арнайы белгіленбеген жерлерде шеккені үшін құқықбұзушыларға әкімшілік хаттама толтырылып, оларға 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Байқоңыр ауданында тексеріс кезінде бір демалушының жалпы залда кальян шегіп отырғанын анықталды. Осы заңбұзушылыққа жол бергені үшін дәмхана әкімшісі жауапкершілікке тартылды, – делінген полиция хабарламасында.

Айта кетсек, 16 қыркүйектен бастап елордада «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шара басталғалы бері 11 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, олардың арасында 243 ұсақ бұзақылық фактісі, 1 мыңға жуық қоғамдық орындарды ластау жағдайлары анықталды.

Сондай-ақ 1200-ден астам азамат алкогольдік ішімдікті қоғамдық орындарда ішкені немесе мас күйінде жүргені үшін жауапқа тартылды.