Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда қоғамдық орындарда интернетке қосылу ережелері өзгереді

Тиісті бұйрық жобасы қоғам талқысына ұсынылды

 Динара Амантай 22.10.2024 | 16:20
Қазақстанда қоғамдық орындарда интернетке қосылу ережелері өзгереді
Фото: Halyq Uni

Елімізде қоғамдық жерлерде интернетке қосылу ережелері өзгереді. Бұл туралы байланыс қызметтерін көрсету ережелерін реттейтін бұйрық жобасында айтылған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы бұйрыққа сәйкес, пайдаланушы интернетке қол жеткізу үшін абоненттік нөмірді енгізіп, бір реттік парольдің көмегімен кіре алады. Оны парольді алу батырмасын басып немесе eGov жүйесі арқылы жасауға болады. Бұған дейін eGov арқылы қосылу қарастырылмаған болатын. 

Интернетке қоғамдық қол жеткізу қызметтерін көрсететін байланыс иесі немесе операторы бір реттік дербес идентификаторды (парольді) қамтитын «логин» жолағында көрсеткен пайдаланушының абоненттік нөміріне SMS-хабарлама жібереді. Немесе осы дербес идентификаторды (парольді) нөмірдің соңғы цифрлары осындай қол жеткізу коды болып табылатын кіріс қоңырау арқылы алады. Сондай-ақ оператордың серверіне шығыс қоңырау арқылы, абоненттің телефон нөмірін анықтаған кезде абонент автоматты түрде интернетке жіберіледі, – делінген бұйрық мәтінінде. 

Авторизация SMS-хабарламадан алынған бір реттік дербес идентификаторды (парольді) енгізген кезде немесе арнайы нысандағы «пароль» өрісіне қоңырау шалу арқылы аяқталады. Содан кейін пайдаланушыға интернетке кіру мүмкіндігі беріледі.  

Осылайша, әзірлеушілер жаңа түзету eGov арқылы авторизациялаудың ыңғайлы әдісін қосады деп есептейді. Бұл қосылу процесін жылдамдатады және қауіпсіздікті арттырады. EGov интеграциясы мемлекеттік деректерді жеке басын растау үшін пайдалануға мүмкіндік беріп, алаяқтық қаупін азайтады. Сондай-ақ азаматтардың интернетке кіруін жеңілдетеді деген пікірде.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама