Алматыда заң бұзған кондитерлік цех иесі жазаланды
Оның қандай тәртіп бұзғаны айтылды
Алматы қаласында абаттандыру ережелерін бұзған кондитерлік цех иесіне айыппұл салынды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, Алматыда елді мекендердің аумақтарын абаттандыру мен көгалдандыруға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында халық арасында экологиялық мәдениетті дамыту шаралары жалғасып жатыр. Оның негізгі мақсаты – халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, қоршаған ортаға қамқорлық құндылықтарын дамыту.
Мониторинг барысында полиция қызметкерлері кондитерлік цех әкімшілігінің қаланы абаттандыру ережесін бұзу дерегін анықтады. ҚР ӘҚбК-нің 505-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Заңсыз қоқыс шығару мәселесіне мұндай көңіл бөлу аймақтың экологиясын сақтаудағы бірлескен күш-жігердің маңыздылығын көрсетеді. Табиғатты қорғау полициясы азаматтарды жауапкершілікті арттыруға және қалдықтарды шығару ережелерін сақтауға шақырады, өйткені жер шарымыздың тазалығы мен денсаулығы әрқайсымызға байланысты, – деді Медеу аудандық ПБ.
Алматыда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы мен «Алматы – ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында «Жарқын күз» науқаны басталған болатын. Ол 18 қазаннан бастап 24 қазанға дейін жалғасады.