×

Нұр-Сұлтанда қатты желден кран құлады

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

фото: ТЖМ

Оқыс оқиға сағат 18:20 шамасында Сығанақ және Тұран көшелерінің қиылысында орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, кран қатты желдің салдарынан құлаған. Бұл туралы ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті хабарлады. 

«Sen» тұрғын-үй кешені құрылыс нысанында «НЕОТЕХ» ЖШС-ға тиесілі КБ-405 биік краны құлады. Бұл объектідегі жұмыстар дауылды ескертуге байланысты тоқтатылған болатын, кран қайта жөндеуге дайындалып қойылған», делінген хабарламада. 

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, кран екпіні 20-25 м/с болатын қатты желдің салдарынан құлаған.

Оқиға себептері анықталу үстінде. Оқиға орнында ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама