Биыл AIX биржасында сауда айналымы 1 млрд долларға жетті
Қазір биржада барлығы 200-ден аса құнды қағаз тіркелген
Жыл басынан бері Astana International Exchange (AIX) биржасындағы сауда көлемі 1 млрд долларға жетті, деп хабарлайды Halyq Uni.
Осылайша, биржа ашылған 2018 жылдан бері сауда көлемі 2 млрд доллардан асты.
Сауда көлемінің 2 есе артуы жергілікті нарық мүшелерінің белсенділігіне, шетелдік жеке инвесторлар мен институционалдық инвесторлардың көбеюіне және биржада шығарылған құнды қағаздар санының артуына байланысты, - деп жазылған AIX биржа таратқан хабарламада.
Бүгінде биржада 230 құнды қағаз тіркелген, оның 100-і биыл тізімге қойылды.
Бізге биржадағы доллар сауда көлемін 1 млрд долларға жеткізу үшін 5 жыл керек болды, ал 2 млрд долларға жету үшін 10 айдан аз уақыт аралығында қол жеткіздік. Бұл 5 жыл ішінде құрған инфрақұрылымның арқасында мүмкін болып отыр. Осындай тұрақты фундаменттің арқасында біз мүмкіндігімізді кеңейте беруге және Қазақстанның қор нарығын дамытуға дайынбыз, – деді AIX биржасының басқарма төрайымы Әсел Мұқажанова.