×

Алматыда тағы бір шетелдік университеттің филиалы ашылды

Ең беделді жекеменшік мектептердің де филиалы ашылды

 Динара Амантай 22.10.2024 | 11:52
Фото: Halyq Uni

Астанада Ковентри университетінің филиалы ашылды. Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оның айтуынша, бұл – 2021 жылы Алматыда ашылған университеттен кейін Қазақстанда ашылған екінші британдық университеттің филиалы.

Университет президенті Мирас Дауленов пен оның командасы ашылу салтанатында кәсібилік пен инновацияны көрсетті, бұл университеттің болашақта табысқа жетуіне сөзсіз ықпал етеді. Оған қоса, университет Ұлыбританиядан мықты оқытушылар құрамын тартып, оқыту сапасын жоғары деңгейге көтеруде, – деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ, университеттің құрылтайшылары жақында Ardingly Astana мектебін ашты. Ardingly College 1858 жылы құрылған және Ұлыбританиядағы ең беделді жекеменшік мектептер қатарына кіреді.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2020 жылдан бастап шетелдік университеттердің филиалын ашу бастамасы қолға алынған.

Сол жылдары біз Алматыда британдық университеттің филиалын аштық, Петропавлдағы университетті Аризона университетіне сенімгерлікке беруді, Мәскеу физика-техникалық институты мен Губкин университетінің бағдарламаларын Атырау университеті мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ашуды және басқа да бастамаларды ұйымдастырдық, – деп жазды депутат.

Айтуынша, алғаш рет Қазақстан университеттерінің де шетелде филиалдарын ашу басталды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Бішкектегі филиалы ашылып, Өзбекстанда Ауэзов университетінің филиалын ашу туралы шешім қабылданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама