Іс сотқа жіберілді
Астана халықаралық әуежайында полиция мас жолаушыны ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Әуежайдағы желілік полиция бөлімі Новосібір – Астана бағытындағы әуе рейсінің 34 жастағы жолаушысын ұстады.
Ұшақта мас ер адам өзін дөрекі ұстап, әуекомпания қызметкерлерін балағаттап, бортсеріктердің ескертуіне құлақ аспаған.
Тіпті, ол тәртіп сақшыларының заңды талабына да бағынбаған.
Құқық бұзушы ұсталып, полиция бөлмесіне жеткізілді.
Ұсталған күдікті Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 4 бабы бойынша жауапқа тартылды:
Ер адамның үстінен әкімшілік хаттама толтырылып, 8 АЕК (29 536 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Ұсақ бұзақылық пен полиция талабына бағынбау бойынша материалдар сотқа жіберілді.
Айта кетейік, жыл басынан бері көліктегі ПД қызметкерлері түрлі әкімшілік құқық бұзғаны үшін 71 283 адамды анықтап, жауапқа тартты. Оның ішінде қоғамдық орындарда мас жүргені үшін 5 624 жолаушы, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 586 адам, полицияның талабына бағынбаған 75 адам болды.