Алматыда трансформатор өртенді

Дәурен Ерболат

Мамандар тұрғындарды сақ болуға шақырады

Скрин видео

Бостандық ауданында трансформатор өртенді, деп хабарлайды Halyq Uni.

ТЖМ мәліметінше, Желтоқсан көшесі бойында орналасқан трансформаторлық қосалқы бекетте өрт шыққан. Оның аумағы – 10 шаршы метр.

Мамандар шұғыл әрекет етіп өртті толық сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Төтенше жағдай министрлігі қазақстандықтарды өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтауға шақырады.