Астанада газ баллондары тиелген жүк көлігі жарылды (ВИДЕО)

Халық үні

Жақын маңдағы 3 көлік зақымдалған

фото: видеодан скриншот

Астанада газ баллондары тиелген жүк көлігі жарылды, деп хабарлайды Halyq Uni

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қатты ысыну салдарынан баллондар жарыла бастаған. Өрт сөндірушілер келгенше 17 баллонның алтауы жарылған.

Өрт сөндірушілер су шашу және баллондарды салқындату арқылы өртті санаулы минуттарда сөндірді, - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Жарылыс пен өрттен жақын маңдағы 3 көлік зақымдалған. Зардап шеккендер жоқ.