Жұмыстар 2025 жылғы 15 қаңтар-1 сәуір аралығында қабылданады
Ұлттық кітап күні мерекесіне орай «Ұлттық кітап» байқауы жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпаратына сәйкес, байқаудың негізгі мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік авторларды анықтап, қазақ әдебиетінің, руханиятының дамуына ықпал ету, сондай-ақ аудармашыларды, баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау және ынталандыру.
Байқауға ұсынылатын жұмыстар 2025 жылғы 15 қаңтар-1 сәуір аралығында қабылданады.
Конкурсқа кейінгі екі жылда жарық көрген туындылар қабылданады. Қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін түскен жұмыстар тіркелмейді.
Байқау келесі 10 номинация бойынша өтеді:
Байқауға қатысатын жұмыстардың көркемдік деңгейі, тіл тазалығы, сөздік қоры, өзіндік стильдің болуы, тақырып өзектілігі, мазмұн тереңдігі, тарихи әділдігі, өндірістік сапаның жоғары болуы, дизайнерлік жұмыстың жоғары болуы сияқты критерийлерге сәйкес келуі керек, – делінген министрлік хабарламасында.
Айта кетсек, Қазақстанда Үкімет қаулысымен 23 сәуір «Ұлттық кітап күні» мерекесі болып бекітілді. Бұл мерекелік дата мемлекет басшысының қоғамда жоғары кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі отырысында берген тапсырмасына байланысты пайда болды.