Күмәнді сілтемелерді ашпаңыз
Цифрлық даму министрлігі қазақстандықтарға интернет-алаяқтардан қорғану үшін «Стоп-кредит» (Банк несиесі, микрокредитті алудан ерікті бас тарту) қызметін іске қосылғанын еске салды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Енді қызмет eGov mobile қосымшасында және «Электронды үкімет» веб-порталының басты бетінде қолжетімді. Қызметті ЭЦҚ арқылы немесе логин мен парольді қолдану арқылы қосылуға болады.
Ол үшін сайттың басты бетінде «Сервистер» бөліміне өтіп, «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» опциясын таңдау керек, - деп жазылған хабарламала.
Қызмет шексіз іске қосылады және азаматтың өтініші бойынша өшіріледі.