БҚО-да есірткі жарнамалаған телеграм арналар бұғатталды

Динара Амантай

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Фото: Halyq Uni

Батыс Қазақстан облысында есірткі насихаттау үшін ашылған телеграм арналар анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыстық прокуратура қызметкерлері әлеуметтік желіні бақылау барысында есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды жарнамалау және сату үшін ашылған телеграм-арналарды әшкереледі.

Осы қылмыстық құқықбұзушылықтарды жасаған адамдарды анықтау мақсатында облыстық прокуратураның қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 299-1-бабының 1-бөлігі («Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады және одан әрі тергеу үшін полицияға жолдады, – делінген прокуратура хабарламасында.

Қабылданған шаралар нәтижесінде есірткіні ашық жарнамалайтын 3 чат бұғатталып, кінәлілер анықталып жатыр.