×

Ақтаулық әйел туған қызын ұрып өлтірген

Қайтыс болған баланың қанша жаста екені көрсетілмеген

фото: ашық дереккөзден

Ақтауда кішкентай қызын ұрып өлтірген әйелге сот үкімі шықты. Келіншек 8 жылға сотталды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының ресми сайты.

Соттың хабарлауынша, келіншек Қылмыстық кодекстің 106-бабы ("Абайсызда адам өліміне әкеп сотырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша сотталған. Белгілі болғандай, 2022 жылғы 4 қаңтарда келіншек туған қызын ұрып, бар күшімен итеріп жіберген. Салдарынан бала ішімен үстелдің қырына құлаған. Алған соққыдан қызда қанды ісік пайда болған.

8 қаңтар күні анасы қызын тағы да соққыға жығып, ішінен жұдырықпен ұрған. Осыдан кейін келіншек балаға көмектесудің орнына оны үйде қалдырып кетіп қалған. Болған жайттан кейін бірнеше сағат өткен соң қыз бала көз жұмған. Қайтыс болған баланың қанша жаста екені көрсетілмеген.

Осы ретте ведомство сот-медициналық сараптама соққы салдарынан өлімнің қан жоғалтудан болғанын анықтаған. Нәтижесінде Ақтау тұрғыны баланы өлтіргені үшін кінәлі деп танылған. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

«Ішінде бірде-бір орыс жоқ»: Астрахань облысында қазақтарды соғысқа аттандырып жатыр

Видео авторының айтуынша, әскери жұмылдыруға алынған азаматтардың басым бөлігі қазақтар  
24.09.2022 | 19:50

Талдықорғанда иттердің төбелесін ұйымдастырған ер адам жазаланды

22 жастағы қала тұрғыны төбелес видеосын әлеуметтік желіге жүктеген
24.09.2022 | 18:03

Петропавлда ормандағы ағашты отағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

 Кәсіпкер ағаштарды заңсыз отап тастаған
24.09.2022 | 17:36