Елімізге қай елдерден турист көп келеді?
Олардың басым бөлігі – ер адамдар
Биыл қыркүйекте Қазақстанға қай елдерден турист көп келгені белгілі болды, деп хабарлайды Halyq Uni.
eQonaq жүйесінің мәліметінше, туристер еліміздің әкімшілік орталықтары мен батыс өңірлері жиі барады. 2024 жылғы қыркүйекте Қазақстанға ең көп турист Өзбекстаннан (40 452 адам) келген. Кейінгі орындарда Ресей (34 650 адам) және Қытай (15 868 адам) тұр, - деп жазылған Туризм комитеті таратқан хабарламада.
Елімізге келген туристердің 39,1%-ы саяхаттау үшін, 28%-ы жеке шаруасымен, 10,3%-ы іскерлік кездесу үшін, 4,6%-ы жұмыс мәселеі бойынша, ал 18%-ы өзге себепке байланысты келген.
Қазақстанға келген туристердің басым бөлігі 39 жасқа дейінгі азаматтар. Қыркүйекте орналастыру орындарында болған шетелдіктердің 69%-ы – ерлер, 31%-ы – әйелдер, - деп жазылған хабарламада.
eQonaq жүйесі туристік ағынды есепке алуды әрі қарай жалғастырады. Бүгінде жүйеде жалпы 3,3 млн адам тіркелген.