Маңғыстау облысында теракт жасамақ болған ақтаулық 18 жылға сотталды

Динара Амантай

Ол бұған дейін адам өлтіргені үшін сотты болған

Фото: Halyq Uni

19 қазанда теракт жасамақ болған және терроризмді насихаттаған Ақтау тұрғынына қатысты үкім заңды күшіне енді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақтау қалалық соты оған 18 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сотталушының зорлық-зомбылық әрекетін жасау үшін жарылғыш құрылғыны, соның ішінде зақымдайтын элементтер жасауға қажетті компоненттер болттар мен шегелерді сатып алғаны анықталды. Шабуыл нысаны ретінде Маңғыстау облысының мемлекеттік мекемелерінің ғимаратын таңдап, фото және видеоға түсіру арқылы жергілікті жерді зерттеген, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Айта кетсек, сотталған адам бұрын кісі өлтіргені үшін сотты болған.