Прокуратура қадағалау актісін енгізді
Қызылорда облысында инвесторға кедергі келтірген шенеунік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Прокуратураның мәліметінше, өңірде «Бисенәлі» ЖК наубайхана мен қоймаларды салц бойынша инвестициялық жобаны іске асырып жатыр. Инвестиция көлемі – 300 млн теңге. Жобаны іске асыру 28-ден аса жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Қазалы ауданының прокуратурасы Әйтеке би кентінің әкімдігі инвестордың жер учаскесін пайдалану мерзімін ұзартудан негізсіз бас тартқанын анықтады. Жергілікті атқарушы орган жер пайдалану құқығын ұзарту туралы өтініш беру мерзімі аяқталды деп қате есептеген.
Прокуратураның қадағалау актісінің негізінде жерді пайдалану мерзімі ұзартылды және кінәлі қызметкер тәртіптік жауаптылыққа тартылды.