Бұл учаскеде күрделі жөндеу ұзаққа созылған болатын
Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожықов шаһардағы Четская көшесінде күрделі жөндеу жұмысы аяқталғанын, енді тұрғындар оған ұрыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Ура! Орындалды! Достар, мен өте қуаныштымын, енді маған ұрыспайтын болдыңыздар! Мен мұны сіздерге қарағанда көбірек күттім. Біз Четская көшесіндегі күрделі жөндеуді аяқтадық, - деп жазды Мейрам Қожықов Instagram-дағы парақшасында.
Бұған дейін қала әкімі Қарағанда Дүйсембеков көшесінен Бұқар Жырау даңғылына дейінгі учаскі жөнделгенін айтқан.
Жөндеу жұмысы неге кеш жүргізілгенін түсіндірейін: 4,5 шақырым – өте ұзын. Бұл – жазғы маусым үшін ауқымды жұмыс. Себебі, мұндай жобаны іске асыру біздің климатымызды ескерсек және мемлекеттік сараптаманың қорытындысы 20 айға созылады, - деді шаһар басшысы.