Оның өлімін туысы растады
Түрік жазушысы, қоғам қайраткері және бұрынғы имам, FETO ұйымының жетекшісі (Түркияда террористік ұйым деп жарияланған) Фетхуллах Гүлен қайтыс болды. Бұл туралы оның туысы Эбуссеме Гүлен айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Фетхуллах Гүленнің рухы мәңгілік мекеніне аттанды, деп жазды Эбуссеме Гүлен X әлеуметтік желісінде.
Herkul порталының X желісіндегі парақшасында 83 жастағы Гүленнің 20 қазанда дүниеден өткені жазылған.
Қадірлі достар! Ұстазымыздың рухы 2024 жылдың 20 қазанында көптен бері ем алып жүрген ауруханада мәңгілік сапарға аттанды, – делінген ақпаратта.