Чехияның сыртқы істер министрі Қазақстанға келді
Қос тарап кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізеді

Фото: СІМ-нің баспасөз қызметі
Чех Республикасының сыртқы істер министрі Ян Липавски Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Сапар аясында Ян Липавски Премьер-Министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөз жүргізеді, – деп жазылған СІМ таратқан хабарламада.
Сондай-ақ қос тарап екіжақты құжаттарға қол қояды.