Halyq Uni логотип
×

Шымкентте азық-түлік арзандады

Тауардың бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлер жауапқа тартылды

 Дәурен Ерболат 21.10.2024 | 11:29
Шымкентте азық-түлік арзандады
Фото: Сауда комитеті

Жыл басынан бері Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) кейбір түрі арзандады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сауда комитетінің мәліметінше, қалада ӘМАТ-тың 10 түрінің бағасы төмендеген:

  • Бірінші сорттағы бидай ұны – 7,1 %,
  • Қарақұмық жармасы – 32,7%,
  • Сары май – 6,9%,
  • Айран – 8,6%,
  • Сәбіз – 7,6%,
  • Пияз – 4,5%,
  • Қырыққабат – 26%.

Бағасы түскен тауарлар ішінде қант, күнбағыс майы мен сүзбе де бар.

Жыл басынан бері Шымкентте делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі өңірлік комиссия барлығы 766 электронды шот фактураны (ЭШФ) тексерді. Нәтижесінде биыл басқарма Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-4-бабына сәйкес 425 сауда субъектісін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде 117 кәсіпкер күнбағыс майының, 57 кәсіпкер қанттың, 55 кәсіпкер қарақұмық жармасының бағасына сауда үстемесін 15%-ға көтерген.

Департамент мамандары мен өңірлік комиссия мүшелері  ӘМАТ тауарларын делдалсыз, тікелей өндірушілер мен тікелей жеткізушілерден сатып алу туралы ұсынымдар берді. Осылайша, 164 делдал жойылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама