Halyq Uni логотип
×

«Таза Қазақстан» акциясы: БҚО-да 50 мың ағаш отырғызылды

Республикалық іс-шараға 10 мыңнан аса адам қатысты

 Дәурен Ерболат 21.10.2024 | 09:11
«Таза Қазақстан» акциясы: БҚО-да 50 мың ағаш отырғызылды
Фото: БҚО әкімдігі

Батыс Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» акциясы «Таза Қазақстан» акциясында 50 мың ағаш отырғызылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық «Жайық жастары» және «BQO жастары» атты еріктілер ұйымының қызметін үйлестіреді. Аталған ұйымдар 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

Сондай-ақ Volonteer07.kz сайты да жұмыс істеп тұр. Бүгінде онда 10 мыңнан аса ерікті тіркелген.

Биыл ақпаннан наурызға дейін Батыс Қазақстан облысындағы су тасқынына байланысты еріктілер зардап шеккен тұрғындарға көмектесті.

Сондай-ақ сәуірде өңірде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталды. Ауқымды іс-шараны өткізудегі мақсат – халық арасында қоғамдық және экологиялық мәдениетті қалыптастыру, құндылықтарды дәріптеу және туған жер мен қоршаған ортаны құрметтеу. Аталған акция аясында облыс бойынша 450-ден аса іс-шара өткізілді. Мысалы, «Таза өлке», «Қасиетті мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» және тағы басқа.

Өңірде «Таза Қазақстан» акциясына 10 мыңнан аса жас қатысты. Акция барысында аумақтарды көгалдандыру, санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. 50 мыңнан аса ағаш отырғызылды, 400-ден аса саябақ пен скверде, 181 су объектісінде санитарлық тазалау жұмысы жүргізілді. Оның ішінде өзен, көл жағалауы мен жасанды су айдыны бар, - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар 8689 әлеуметтік, 4999 кәсіпкерлік және өнеркәсіптік нысан, 879 тарихи-мәдени ескерткіш тазартылды.

Аталған акция барысында Орал қаласында «Таза ауыл» автобусы жүрді. Мақсат – көпқабатты тұрғын үйлердің аумағын тазалау және тұрғындарды өз ауласын таза ұстауға шақыру.

Іс-шараны қызықты ету мақсатында жастар арасында түрлі жарыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ тұрғындарға буклеттер таратылып, қоғамдық көліктерде билбордтар ілінді.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы аясында қазақстандықтар өзі тұрып жатқан қала мен елді мекендегі экологиялық жағдайды жақсартуға өз үлесін қоса алады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама