Ақмола облысында есірткі зертханасы анықталды
7 келіге жуық мефедрон тәркіленді
Биыл қыркүйекте ҰҚҚ қызметкерлері Ерейментау ауданында жасырын жұмыс істеген есірткі зертханасын анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақмола облысы бойынша департаменті аудандық прокуратураның үйлестіруімен Ерейментауда синтетикалық есірткі өндірілгенін анықтады.
Есірткінің кезекті партиясын өндіріп жатқан сәтте Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. 7 келіге жуық мефедрон, 100 литрден аса прекурсор, сондай-ақ синтетика жасауға арналған зертханалық жабдықтар тәркіленді, - деп жазылған ҰҚК баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөліміне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.