Қазақстандықтарға шамамен жарты трлн теңге әлеуметтік жәрдемақы төленді
Асыраушысынан айырылған 158 мың адамға мемлекеттік қолдау көрсетілді
Жыл басынан бері мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды (МӘЖ) төлеуге республикалық бюджеттен 457,1 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбекке қабілетінен және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 59,6 млрд теңгеге әлеуметтік төлем төленді.
Биыл 1 қазандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ-ді 541,2 мың адам, асыраушысынан айырылу бойынша 157,9 мың адам алды. Жыл басынан бері 98,7 мың адам еңбек ету қабілетінен және 65,4 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды, - деп жазылған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпы аурудан мүгедектігі бойынша МӘЖ мөлшері 1-топ – 95 496 теңге, 2-топ – 76 397 теңге, 3-топ 52 мың 89 теңге болды.
Биыл 1 қазандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері – 58 849 теңге, асыраушысынан айырылу бойынша 62 763 теңгеге жетті.