Құтқарушылар өрттің таралуына жол бермеді
Атырауда тұрғын үйден өрт шығып, адамдар қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Halyq Uni.
ТЖМ мәліметінше, оқиға бүгін таңертең болған. Қаладағы 9-қабатты тұрғын үйлердің біріндегі шатырда автокөлік шинасы жанған.
Өрт сөндірушілер шұғыл әрекет етіп, өртті тез сөндірді. Тұрғын үйден 45 тұрғын, оның ішінде 12 бала алдын ала эвакуацияланды.
Сондай-ақ мамандар 1942 жылы туған әйелді де құтқарды.
Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ.