Halyq Uni логотип
×

Арал теңізіне 200 млн текше метр су жіберілді

Бұл су үнемдеу технологияларын қолдау нәтижесінде мүмкін болды

 Динара Амантай 21.10.2024 | 09:03
Арал теңізіне 200 млн текше метр су жіберілді
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі

Қызылорда облысының шаруалары су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде 200 млн текше метрге жуық су үнемдеді. Бұл су Арал теңізіне жіберілді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Сі ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, биыл өңірдің дихандары 55 мың гектар күріш алқабында су үнемдеу технологияларын қолданды. Қызылорда облысындағы күріш алқаптарының жалпы ауданы – 84 мың гектар.

Осылайша, 2024 жылғы суару маусымында теңізге шамамен 1 млрд текше метр су жіберілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есе көп.

Жыл басынан бері Солтүстік Аралға шамамен 2 млрд текше метр су жіберілді. Бүгінде теңіздегі судың жалпы көлемі 22 миллиард текше метрге жетті.

Су дипломатиясы мен Орталық Азиядағы әріптестерімізбен тығыз жұмыстан бөлек, Арал теңізіне су жіберуге үнемді технологияларды енгізу де маңызды рөл атқарады. Оларды қолдану жүздеген млн текше метр су үнемдеуге және оны теңізге бағыттауға мүмкіндік береді. Ол үшін біз шаруалардың су үнемдеу технологияларын енгізуге жұмсаған шығындарын субсидиялау көлемін 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайттық. Алдағы үш жылда су үнемдеу технологияларымен суармалы суды пайдаланатын шаруа қожалықтары үшін субсидия мөлшері 50%-дан 85%-ға дейін ұлғаяды, –деді ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама