21 қазандағы ауа райы: 8 өңірде ескерту жарияланды

Халық үні

Желдің екпіні 23 м/с-ке дейін барады

фото: Наталья Щедрина

21 қазанда Қазақстанның 8 өңірінде қатты жел, тұман мен найзағайға байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 21 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Ал Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай болуы ықтимал. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында желдің күші 15-20 м/с болады.

21 қазанда таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында оның күші 15-20 м/с болады.

21 қазанда түнде Атырау облысының шығысында кей уақытта қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с болады.

Ал түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

Ертең түнде Ақтөбе облысының батысында, орталығында қатты жаңбыр жаууы мүмкін.

Күндіз Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. 21-22 қазанда түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады. 21 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында – 15-20, күндіз екпіні – 23 м/с. 22 қазанда таулы аудандарында – 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.