Алматы маңында да табиғи құбылыс жиіледі
Каспий теңізінде екі жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының мәліметінше, жер сілкінісі 7 сағаттық айырмашылықпен тіркелді.
Мамандардың дерегінше, 3.1 балдық бірінші жер сілкінісі 19 қазанға қараған түні сағат 02:02-де болса, екіншісі сағат 11:39-да тіркелді.
Екі ошақ та 68 шақырым тереңдікте болды.
Бұған дейін Алматы маңында тағы да жер сілкінгені жайлы жазған едік.