Тоқаев ҰҚК төрағасының орынбасарын тағайындады
Бүгін тағы бір ауыс-түйіс болды
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК төрағасының орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Мемлекет басшысының өкімімен Қанатай Жорабекұлы Далматов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, – деп мәлімдеді Ақорда.
Бұған дейін 2024 жылы 5 мамырда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қорғаныс министрлігі әскери бөлімінің командирі Қанатай Далматов ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған болатын.
Сондай-ақ, бүгін Алматы облысы полиция департаментінде кадрлық-ауыс түйіс болды. Бірқатар жоғары лауызымды қызметкердің орнына басқа мамандар келді.