Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында жүргізуші жалған құжатпен ұсталды

Күдіктінің көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды

 Дәурен Ерболат 18.10.2024 | 18:10
Ақмола облысында жүргізуші жалған құжатпен ұсталды
Скрин видео

Ақмола облысында патрульдік полиция жалған құжатпен жүрген жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл 17 қазанда елордалық патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Астана – Қорғалжын автожолында Mercedes-Benz көлігін тоқтатты.

Тексеру барысында жүргізуші өзін Қырғыз азаматы деп таныстырып, полицияға жеке куәлік пен жүргізуші куәлігін ұсынды. Алайда тексеріс барысында құжаттардың жалған екені анықталды.

Патрульдік полиция күдіктінің Қазақстанда не үшін жүргенін, мемлекеттік шекараны кесіп өтуіне байланысты қосымша сұрақтар қойып, көші-қон қызметінің мәліметтер базасынан мұқият тексерді. Нәтижесінде азаматтың Қазақстан шекарасын мүлде кесіп өтпегені белгілі болды. Осыдан кейін жүргізуші Целиноград ауданының полиция бөліміне жеткізілді.

Биыл ақпанда күдіктінің Екібастұзда мас күйінде көлік басқарғаны үшін ұсталғаны анықталды. Қалалық соттың шешімімен ол әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған. Алайда заңды айналып өту үшін ол Қырғыз Республикасының азаматы ретінде жалған жүргізуші куәлігін жасатқан. Полиция жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырып, көлігін айып тұрағына қойды, - деп жазылған хабарламада.

Тәртіп сақшылары жалған құжаттың қалай жасалғанын анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама