Қарағандыда адам азаптаған түрме қызметкері бас бостандығынан айырылды

Динара Амантай

Ол «әділет капитаны» арнайы атағынан айырылды

Фото: Halyq Uni

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот сотталған адамға қатысты азаптау іс-әрекеттерін жасаған Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аға уәкілетті өкіліне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қызметкер Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған 3 жыл бойы мемлекеттік қызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынады.

Сотталушы «әділет капитаны» арнайы атағынан айырылды және ол жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына айыппұл төлейді.

Мұндай қылмыстардың алдын алу мақсатында облыс прокуратурасы ҚАЖД қызметкерлері үшін сот процесін тікелей эфирде көрсетуді ұйымдастырды.