Ақшаны ер адам өз мақсатына жұмсаған
Елордада полиция қызының iPhone ұрлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Астаналық қыз 24 жастағы жігітімен шамамен жарты жыл жүрген. Бір күні күдікті қызымен бірген көліктен түсіп жатқанда сүйіктісінің қымбат ұялы телефоны автомобильдің ішіне түсіп қалған.
Кейін қызы iPhone жоғалтқанын түсініп, оны іздеуге кіріскен. Жігіт қымбат телефон өзінде екенін, оны кейін қайтаратынын айтқан. Алайда ол iPhone-ды ломбардқа өткізіп, қызымен байланысты үзген. Салдарынан жәбірленушіге 600 мың теңге залал келген.
Бұл дерек негізінде «Сарыарқа» ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Тәртіп сақшылары ұялы телефонды ломбардтан алып, иесіне қайтарды.
Полицейлер тұрғындарды сақ болуға шақырады.