×

Ауыл тұрғындарына пайызсыз несие беріледі

Жобаға 3 компания қатысады

 Дәурен Ерболат 18.10.2024 | 14:33
Фото: Halyq Uni

Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Ол Ақтоғай ауданына барып, «Ауыл аманаты» жобасының қалай іске асып жатқанын білді.

Павлодарда өткен жиында Ералы Тоғжанов өңірдегі ауылдарда атаулы әлеуметтік көмек (АЭК) алушылардың саны 12-%ға төмендегенін, бұл ауыл тұрғындарының әл-ауқатының артқанын көрсететінін атап өтті. Мұнда табыс 25%-ға өскен, жұмыссыздар саны 3 мың адамға дейін азайған.

Сондай-ақ үкімет басшысының кеңесшісі енді ауылдықтарға пайызсыз несие берілетінін айтты.

Мен облыстың ірі агробизнес өкілдерімен кездестім. Олар тауарлық несиелеу жобасын бастауға дайын, Бұл – кепілсіз, пайызсыз тауарлық несие. Ол аз қамтылған ауылдықтарға беріледі. 3 компанияға жобаға қатысуға дайын. Мен жобаның басталғанын жариялаймын, - деді Ералы Тоғжанов.

Айта кетейік, Павлодар облысында тұрғындар өнімнің 65 түрін тұтынады. Оның 20 түрін өздері өндіреді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама