Halyq Uni логотип
×

Шекарада қос азаматтығы бар 7 адам ұсталды – ҰҚК

Жыл басынан бері мыңға жуық адам анықталған

 Динара Амантай 18.10.2024 | 13:00
Шекарада қос азаматтығы бар 7 адам ұсталды – ҰҚК
Фото: Halyq Uni

ҰҚК Шекара қызметі 14 мен 16 қазанда мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінде басқа мемлекеттің азаматтығы бар 7 қазақстандықты ұстады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақпаратқа сәйкес, ұсталғандар одан әрі полиция қызметкерлеріне тапсырылған.

Айта кетсек, жыл басынан бері шекарашылар қос азаматтығы бар 935 адамды анықтады.

ҰҚК Шекара қызметі ҚР заңнамасына сәйкес екінші азаматтықтың болуы 200 АЕК-ке дейін айыппұлмен немесе әкімшілік шығарып жіберумен жазаланатынын еске салады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама