Halyq Uni логотип
×

Ақтауда айыппұл тұрағы салынады

Құжатты әзірлеуге жергілікті бюджеттен 10,6 млн теңге бөлінеді

 Дәурен Ерболат 18.10.2024 | 12:28
Ақтауда айыппұл тұрағы салынады
Фото: lada.kz

Ақтауда қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі айыппұл тұрағын салу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу туралы конкурс жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Lada.kz мәліметінше, мемлекеттік сатып алу сайтында аталған бөлім қалада айыппұл тұрағын салу үшін жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша қызметке тендер жарияланған.

Жаңа айыппұл тұрағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) ауданында салынады.

Автотұрақ санын көбейту үшін жаңа айыппұл тұрағын салу жоспарланып отыр. Қазір жер учаскесін рәсімдеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жарияланды. Құрылыс аяқталғаннан кейін ескі айыппұл тұрағын жауып, оны толық жаңа орынға ауыстырамыз, - деді бөлім қызметкерлері.

Жергілікті билік жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 10 млн 639 мың 501 теңге төлеуге дайын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама