Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында жерді өз бетінше иемденген шаруа қожалығына айыппұл салынды

Ол өзіне тиесілі емес учаскені бүлдірген

 Динара Амантай 18.10.2024 | 12:06
Ақмола облысында жерді өз бетінше иемденген шаруа қожалығына айыппұл салынды
Фото: Halyq Uni

Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің Ақмола облыстық департаменті жеке тұлғаның өтініші бойынша Ерейментау ауданында жұмыс істейтін шаруа қожалығына тексеру жүргізді. Оның қорытындысы бойынша мемлекеттік меншікке жататын жерлерді өз бетінше иелену, жерді бүлдіру фактілері анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ақпаратқа сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі орман өсіру үшін 5 жыл мерзімге 10 гектарға жуық жер бөлген. Қожалық берілген аумақтан тыс жерге құқықтық құжаттары жоқ 6 нысанды 0,31 гектар жерге орнатқан.

Шаруашылыққа қатысты әкімшілік іс қозғалып, 1 ай мерзімге жер учаскесін босату арқылы заңбұзушылықтарды жою туралы тапсырма берілді. Шаруашылық жер учаскесінде шұңқыр қазып, жер қабатын аршу жұмыстарын жүргізіп, жоғарғы құнарлы топырақ қабатын алып тастаған. Өлшеулер нәтижесінде шұңқыр аумағының ұзындығы – 0,0843 гектар, тереңдігі – 4 метр екені анықталды, – делінген министрлік хабарламасында.

Шаруа қожалығына қатысты әкімшілік іс қозғалып, 3 ай мерзімге анықталған бұзушылықтарды жою туралы тапсырма берілді. Кәсіпкерге 1,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама