Halyq Uni логотип
×

Президент Айдос Рысбаевты қызметінен босатты

Ол бұл қызметке былтыр күзде тағайындалған

 Дәурен Ерболат 18.10.2024 | 11:50
Президент Айдос Рысбаевты қызметінен босатты
Фото: ІІМ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Айдос Рысбаевты Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатты, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының өкімімен Айдос Какашаұлы Рысбаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды, - деп жазылған хабарламада.

Айдос Рысбаев 1974 жылы 11 наурызда Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Қорғалжын ауылында дүниеге келген.

  • 1996 жылы Ақмола университетін, 2005 жылы Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтын тәмамдаған;
  • 1996 жылғы қарашадан бастап 1997 жылғы қазанға дейін Қарулы Күштер қатарында болды;
  • 1998 жылғы 9 сәуірден бастап Ақмола қаласы ІІБ Шығыс полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімше инспекторы;
  • 2001 жылғы 29 қыркүйектен бастап Астана қаласы ІІБ Алматы ауданы ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі;
  • 2003 жылғы 13 наурыздан бастап Астана қаласы ҚІІБ Алматы ауданы ІІБ тонау және қарақшылықты ашу бөлімшесінің жедел уәкілі;
  • 2003 жылғы 7 тамызда Астана қаласы ҚІІБ Алматы ауданы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі;
  • 2005 жылғы 30 маусымнан бастап Астана қаласы ІІД Алматы ауданы ІІБ криминалдық полиция бөлімі мүліктік қылмыстарды ашу бөлімшесінің басшысы;
  • 2008 жылғы 24 шілдеден бастап Астана қаласы ІІД Алматы АІІБ криминалдық полиция бөлімі басшысының орынбасары;
  • 2010 жылғы 1 қарашадан бастап Астана қаласы ІІД Алматы ауданы ІІБ тергеу бөлімінің басшысы;
  • 2012 жылғы 26 қаңтардан бастап Астана қаласы Ішкі істер департаменті тергеу басқармасы басшысының орынбасары;
  • 2014 жылғы 4 қыркүйектен бастап Астана қаласы ІІД Криминалды полиция басқармасы басшысының орынбасары;
  • 2016 жылғы 13 қаңтардан бастап Астана қаласы ІІД Сарыарқа ауданы полиция басқармасының басшысы;
  • 2019 жылғы 5 маусымнан бастап 2022 жылғы мамырға дейін Астана қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды;
  • 2022 жылғы мамырдан бастап ІІМ Криминалдық полиция департаментінің басшысы болды;
  • 2023 жылғы қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама